Хабарландыру

18.03.2022. 05:20

Қазақстан Республикасындағы Латвия Республикасының Елшілігі хатшы қызметіне уақытша мерзімге вакансия жариялайды.

Үміткерлерге келесідей талаптар қойылады:

  • жоғары білім;
  • қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу;

Басты міндеттері:

  • Елшіліктің жұмыс кестесін жүргізу, жолдама хаттар дайындау, елшіліктің іскерлік хат алмасуларын жүргізу, маңызды байланыстардың тізімін жүйелі түрде жаңартып отыру.
  • Телефон қоңырауларына және электрондық пошта хаттарына жауап беру.
  • Елшілікке келушілердің қабылдауын ұйымдастыру және сұрақтарына жауап беру.
  • Виза алуға жазған өтініштердің мәліметтерін Ұлттық визалық жүйеге енгізу және өңдеу.
  • Елшілік басшысының және консулдық қызметкердің басқа да әкімшілік-техникалық тапсырмаларын орындау.

Үміткерлер өтінімдерін келесі түрде тапсыруын сұраймыз:

Елшіліктің http://www.mfa.gov.lv/ru/kazakhstan ғаламтор парақшасында осы хабарландыру жарияланғаннан кейін он бес күн ішінде This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына түйіндеме, уәждемелік хат (мотивационное письмо), білімі туралы құжаттың көшірмесін жіберу керек.

Ақпарат үшін байланыс телефоны: +77172790816.