Консулдық ақпарат

21.01.2026. 14:18

Латвия Елшілігінде азаматтарды қабылдау мына сілтемесі арқылы алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.

Консулдық бөлім

Мекен-жайы: Қазақстан, Астана қ., Самал шағынауданы 12, «Астана Тауэрс» Бизнес орталығы, 18 қабат.

Телефон: + 7 7172 790813 немесе + 7 7172 790816 (ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-16.00 аралығында беріледі)

Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Латвия Республикасына кіру визаларына өтініш беру

Визаға өтініш беру тек VFS Global виза орталықтарында қабылданады. Құжаттарды қабылдау Астана және Алматы қалаларында VFS Global сайтында тек алдын-ала жазылу бойынша жүргізіледі.

VFS Global Латвияға виза алу жөнінде сұрақтар бойынша  8 705 957 72 24 немесе 8 717 2760541 (шет елден  +7 705 957 72 24 немесе +7 717 276 05 41)

VFS Global электрондық поштасы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

VFS Global виза орталықтары

Астана қаласы: Қабанбай батыр даңғылы 6/1, 111 кеңсе, «Каскад» бизнес орталығы

Алматы қаласы: Тимирязев көшесі 28V, 104 кеңсе, АЛАТАУ ГРАНД бизнес орталығы

* Қазақстан мен Тәжікстан азаматтары үшін Латвияға қысқа мерзімді (Шенген) визаларға, Қазақстан азаматтарына Швецияға қысқа мерзімді (Шенген) визаларға, сондай-ақ ұзақ мерзімді Латвия ұлттық «D» визаларына құжаттар жоғарыда аталған VFS GLOBAL виза орталықтарында қабылданады.

Виза орталықтарында құжаттарды тапсыру үшін тіркелу тегін. Әрбір өтініш беруші тіркеу жүйесінде атын, тегін, ағымдағы телефон нөмірін, жарамды электрондық поштасын, қажет болған жағдайда Латвияның Азаматтық және көші-қон істері басқармасы бекіткен шақыру нөмірін көрсете отырып, құжаттарды тапсыру үшін өз бетінше тіркелуі керек. Жоғарыда аталған визалық орталықтарды қоспағанда, автоматтандырылған жүйелердің немесе делдалдардың қызметтеріне Елшілік рұқсат бермейді және олардың қызметтерін пайдалану әрбір өтініш берушінің жеке жауапкершілігі болып табылатынын ескертеді.