Мемлекеттік баж сомасы
| Виза түрі | Сомасы |
| Қысқа мерзімді виза (С санаты) | 90 Еуро |
| Қысқа мерзімді виза (С санаты) 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға | 45 Еуро |
| Ұзақ мерзімді виза (D санаты) | 90 Еуро |
Мемлекеттік баж сомалары туралы толығырақ мына сілтемеде.
Визаға құжаттарды ресімдеу үшін алынатын төлемнен келесі санатты азаматтар босатылады:
- 6 жасқа дейінгі балалар
- Латвияға оқу және білім алу мақсатымен баратын оқушылар, студенттер мен аспиранттар және олармен бірге жүретін оқытушылар
- ғылыми зерттеу мақсатында Еуропалық қауымдастыққа баратын үшінші елдердің зерттеушілері
- коммерциялық емес ұйымдар ұйымдастыратын семинарларға, конференцияларға, спорттық, мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысатын 25 жасқа дейінгі коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері
